2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым аралығында Қазақстанда алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны өткізіледі.
Бастама – балалар мәселесіне ерекше көңіл бөлуге және балалардың қауіпсіз ортада өсіп-жетілуіне жағдай жасауға, сондай-ақ қоғамның назарын бала құқығы мен балалық шақтағы өзекті мәселелерге аударуға бағытталған. Науқан аясында жоспарға сәйкес Әкем-тірегім, Анам-жүрегім тақырыбында фото, бейне байқаулары мен Ұлттық ойын түрлерінен отбасылық жарыстар ұйымдастырылды.