2025-2026 оқу жылының басталуымен байланысты мектебімізде патриоттық тәрбиеге бағытталған «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар:
•Қазақстанның тарихы мен рәміздері туралы мағлұмат алды;
•Тәуелсіздік құндылығы мен ел бірлігі туралы ой бөлісті;
• Өз Отанын сүюге, құрметтеуге, мақтан етуге тәрбиеленді.
Тәрбие сағатының мақсаты — жас ұрпақтың бойына елге деген сүйіспеншілік, ұлттық сана мен патриоттық сезім қалыптастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.