14-ақпан халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Шын жүректен кітап сыйла» челленджіне мектебіміздің ұстаздары да атсалысып қатысуда. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі, 6 «Ә» сынып жетекшісі - Оразалина Бану Депутатовна сынып оқушыларына жемістер мен көкөністер, тыныс алу мүшелері туралы қызықты мәліметке толы кітаптар сыйлады. Жыл сайын мерекеде кітап сыйлау мектебіміз үшін дәстүрге айналатынына сеніміміз мол. Кітапханаға оқырман тарту, кітап оқу, кітап қорын молайту үшін жасалынып жатқан акциялардан мектебіміз болашақта да қалыс қалмайды.
Жаңалықтар
14 -ақпан халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Шын жүректен кітап сыйла» челленджіне мектебіміздің ұстаздары да атсалысып қатысуда
Қаралды: 9
