1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында “Мектепке жол” дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы бастау алды.
Акцияның мақсаты - әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсету.
Жыл сайын жаңа оқу жылының қарсаңында “Мектепке жол” қайырымдылық республикалық шарасын өткізу дәстүрге айналған.
Акция аясында балаларды киім-кешек, оқу құралдары және кеңсе тауарларымен қамтуға демеуші болып, атсалысуға шақырамыз.
Баршаңызды осы сауапты іске атсалысуға шақырамыз!
Кішкентай қамқорлық – үлкен үміт сыйлайды! 
